Развитие международного и внутреннего сотрудничества

Инновациялық Еуразиялық Университетінің Жоғары колледжі — Павлодар облысындағы жетекші колледждердің бірі — ұзақ мерзімді серіктестік қатынастар орнатуды ұсынады.

Серіктестік мыналарды көздейді:
• шетелдік серіктестермен тікелей байланыстарды орнату және дамыту;
• студенттердің шетелде практикалық оқытуын ұйымдастыру;
• білім беру қызметтерінің аясын және көлемін кеңейту;
• дәрістерге, семинарларға және кездесулерге қатысу;
• кәсіби халықаралық конференцияларға, түрлі мәселелер бойынша семинарларға қатысу;
• шетелдік серіктес ұйымдармен халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
• заманауи білім беру әдістемелерін зерделеу және оларды енгізу;
• оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу;
• инновациялық оқыту әдістері мен білім беру технологияларын әзірлеу және алмасу;
• студенттер мен оқытушылардың мәдени алмасуы;
• нысаналы даярлау;
• кадрларды кәсіби қайта даярлау және біліктілігін арттыру;
• тағылымдамаларды ұйымдастыру;
• студенттердің кәсіпорында практикасының барлық түрлерін ұйымдастыру;
• түлектерді жұмысқа орналастыру және олардың мансабын сүйемелдеу;
• кәсіпорындар мен ұйымдардың мүддесіне сай мамандар даярлау;
• бірлескен ғылыми-білім беру құрылымдарын құру және ынтымақтастықтың өзге де нысандары.

Колледж серіктестерінің саны жыл сайын артып келеді, соның нәтижесінде колледж қызметінің географиялық ауқымы кеңейіп, өзара іс-қимыл бағыттарының тізбесі толықтырылуда. Зияткерлік әлеуетті, материалдық-техникалық және корпоративтік ресурстарды біріктіріп, ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестік қатынастар орнатуды ұсынамыз.
Өтінімді қалай беруге болады:
Ынтымақтастық туралы ұсыныспен өтінімді жолдау
• ВКИнЕУ директорының атына ресми хат түрінде kineupavlodar@yandex.kz электрондық поштасына

Жасалған келісімдер мен меморандумдар:

1.      «Shaanxi Shangpin Shuren Education Technology Co., Ltd.» ЖШҚ және Инновациялық Еуразия университетінің Жоғары колледжі арасындағы халықаралық ынтымақтастық туралы меморандум..

 

2.      Шанхай электроника және информатика техникалық колледжі (Қытай Халық Республикасы, Шанхай қ.) және Инновациялық Еуразия университетінің Жоғары колледжі арасындағы халықаралық ынтымақтастық туралы меморандум.

 

3.      «Ж. К. Бөкенов атындағы Қарағанды банктік колледжі» ММ, «Азия инновациялық колледжі» білім беру мекемесі (Қырғыз Республикасы, Бішкек қ.) және «Инновациялық Еуразия университетінің Жоғары колледжі» ЖШС арасындағы халықаралық ынтымақтастық туралы үшжақты меморандум.

 

4.      «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен «Инновациялық Еуразия университетінің Жоғары колледжі» ЖШС арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.

 

5.      «Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі» МКК мен «Инновациялық Еуразия университетінің Жоғары колледжі» ЖШС арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.

 

6.      Алтай өлкелік тұтынушылар одағының Барнаул кооперативтік техникумы мен «Инновациялық Еуразия университетінің Жоғары колледжі» ЖШС арасындағы халықаралық ынтымақтастық туралы меморандум.

Канапина Асемгуль Аскеровна 

Заместитель директора по инновационной деятельности

Телефон +7 701 444 8794
Почта kineupavlodar@yandex.kz 

Образец плана мероприятий