2021 жылдың 2 наурызында “Дене шынықтыру апталығы” аясында ИнЕУ жоғары колледжінде “Көшбасшы болып туылмайды” атты дөңгелек үстел өтті, оған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.А. Каниева, гуманитарлық бөлім меңгерушісі А. К. Айдаргалин, Ж. Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің оқытушылары Е. В. Пряд, Ю. А. Белокудрина және осы колледждің Ф-41 тобының студенті, шаңғы жарысы бойынша спорт шеберіне кандидат Госман Динмұхамед, сондай-ақ ИнЕУ ЖК “Дене шынықтыру және АӘД” ЦӘК оқытушылары мен “Дене шынықтыру және спорт”мамандығының барлық курс студенттері қатысты. Іс – шараның модераторы-Таржакаева А.М., “Дене шынықтыру және спорт”мамандығының циклдік әдістемелік комиссиясының төрайымы.
Іс – шараның мақсаты- “Идея. Қарым-қатынас. Тәжірибе” жобасы аясында студенттердің көшбасшылық қасиеттерін одан әрі дамыту және оларды жеке және әлеуметтік маңызды іс-шараларға тарту. Тұлғаның патриоттық сезімін тәрбиелеу, студенттердің көшбасшылық позициясындағы оң өзгерістерге ықпал ету.
Қазіргі қоғам бізден шешімділік пен мақсаттылық сияқты қасиеттерді талап етеді, олар мінездің басқа қасиеттерімен бірге адамның бойында көшбасшы қалыптастырады. Көшбасшы болып туылмайды, көшбасшы болып қалыптасады! Оның жарқын мысалы – біздің тұңғыш Президентіміз, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен қызметі.
Соңғы 30 жыл ішінде Қазақстанды әлемдік қоғамдастық дәйекті ішкі саясат жүргізетін мемлекет ретінде таныды, Қазақстан жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға табысты көшудің үлгісін көрсетті. Қазақстан алғашқы 30 спорттық державалардың қатарына енді. Елімізде белсенді өмір салтын жүргізу және бұқаралық спортпен айналысу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Жастар мен спорт-ажырамас ұғым. Еліміз жас, дене бітімі дамыған, бәсекеге қабілетті мамандарды күтеді!
Кездесуде қатысушылар алдында баскетболдан, жүзуден СШК спорт шебері болып табылатын жоғары санатты оқытушы З. Ж. Демесинова, ФС- 417 тобының студенті, акробатикадан спорт шебері Диас Балтабаев; ФС-318 тобының студенті Анастасия Архипова, спорттық акробатикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері; Владислав Никифоров, спорттық акробатикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері өзінің спорттық мансабы туралы айтып берді. Содан кейін әңгімеге Ақсу қаласынан қонақтар қосылды: Ф-41 тобының студенті, шаңғы жарысы бойынша спорт шеберіне кандидат Госман Дінмұхамед өзінің спорттық өмірі туралы әңгімеледі, Дінмұхамед ғылыммен әуестеніп, бірнеше рет түрлі олимпиадалардың жеңімпазы болды. Жоғары спорттық атақтары бар оқытушылар өздерінің спорттық тәжірибелерімен бөлісті: Пряд Е.В және Белокудрина Ю. А., жеңіл атлетикадан спорт шеберіне үміткерлер; Сабельникова С. А., спорттық акробатикадан спорт шебері.
Әңгіме барысында қатысушылар келесідей сұрақтарға жауап берді: Әр адам жеңіске жете ала ма? Адам бірінші рет жеңіске жеткен кезде сезінетін сезімдер? Егер жеңіліс болса, мен одан бас тартуым керек пе? Көшбасшылық қасиеттерді қалай тәрбиелеу керек? Неліктен қоғамға көшбасшылар қажет? Барлық көшбасшылар бірдей ме? Жаңадан келген спортшыларға не тілей аласыз?
Еліміздің өркендеуі үшін оның әрбір саналы тұрғынының табысқа ұмтылуы маңызды. Біздің еліміз гүлденіп, дами береді және көптеген кейінгі ұрпақтардың мақтанышына айналады деп сенеміз!
Дөңгелек үстелдің барлық қатысушыларына, біздің қонақтарымызға ынтымақтастық, тәжірибе алмасқаны үшін алғыс білдіреміз, барлығына мансаптық өсу, спорттық табыстар мен жеңістер тілейміз!

