1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. Күнтізбеге қызыл белгімен енетін бұл күннің еліміз үшін орны ерекше. Тәуелсіздікті тұғырына қондырған, елді ерлікке жеткізген Ұлт Көшбасшысы 1 желтоқсанда ел тізгінін ұстады. Тұңғыш Президенттің бастамаларына қолдау жасай отырып, еліміз көп биікті бағындырды. Бүгінде әлем мойындаған тәуелсіз еліміздің абыройы уақыт санап артып келеді. Мұның барлығы да бүгінгі тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолындағы Тұңғыш Президентіміз – Елбасының еселі еңбегінің, көреген жасампаздығының жемісі.
Осынау ел халқының бірлігі мен берекесін ұлықтап, мемлекеттің мерейін асыратын мереке күні ИнЕУ жоғары колледжінің КиЛ-219 тобының студенттері барлықтарыңызды мерекемен құттықтайды!