Зорлық-зомбылықсыз әлемді қалай құруға болады?

ИнЕУ Жоғары колледжінде «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» Республикалық ақпараттық кампаниясы аясында «Зорлық-зомбылықсыз әлемді қалай құру керек?» тақырыбында эссе байқауы өтті. Қазіргі қоғамда зорлық-зомбылық тақырыбы өзекті болып табылады.  Бұл тақырып  бұрын соңды талқыланудан тыс қалып келген.

Зорлық-зомбылық және оның зардаптарымен күресудің бір әдісі – адамгершілігі жоғары, рухани бай жас ұрпақты тәрбиелеу.

Бұндай тақырыпта ой қозғау – жоғары рухани ұрпақты тәрбиелеу құралының бірі ретінде қарастыруға болады.

Тіл – адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, ақылын, рухани байлығын көрсететін айна. Яғни, эссе жазу арқылы адам мәдениетін, ойлау және ақыл-ой деңгейін көрсете алады. Эссе адамның логикалық, стилистикалық және эмоционалды дамуына мүмкіндік береді.

Колледж студенттері бұл  тақырыпта өз ойларымен бөлісті.  Олардың пікірінше, зұлымдықты жою үшін қоршаған ортаны емес, адамның өзі өзгеруі керек, яғни, әлемді өзгерткіміз келсе, өзімізден бастау керек.  Адамдар бойында жоғары мейірімділік қасиеті болуы қажет.

Байқауға ЭС-110, ПД-110 , ПД-120, МД-110, НО-110, ТОРО ПЗ-110, КиЛ-229, ПД-229, СМС-120, ПД-219 (жалпы жұмыс саны 120) топтарының 1-2 курс студенттері қатысты.

Жұмыстар келесі критерийлер бойынша бағаланды:

  1. мазмұндылығы;
  2. баяндау стилі және сауаттылық;
  3. жұмыстың құрамы.

1-орын

  • Таукелова Гүлден (ПД-229)
  • Путин Анна (МД-110)
  • Рысбек Күнсұлу (Ф-110)

2-орын

  • Быстрова София (ФС-110)
  • Қайыржанова Әсем (Ф-110)
  • Қарашашева Бинур (Қилы-229)

3-орын

  • Рахметолла Айымгүл (НО-110)
  • Алтаева Жасмин (МД-110)
  • Қабиденова Елдана (СМС-120)

 

Студенттер мақтау қағаздарымен және алғыс хаттармен марапатталды.
Балаларды жеңіспен құттықтаймыз және  шығармашылық табыс тілейміз!