Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет – әрбір азаматтың міндеті

           Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қазіргі уақытта саяси дамуына қарамастан әлемнің барлық дерлік елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да   жалғасуда  және тек ауқымында ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономика құру, инвестициялар тарту үрдісін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына теріс әсер етеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған.

          “Саналы ұрпақ” жобасын іске асыру шеңберінде ИнЕУ жоғары колледжінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбына арналған бірқатар іс-шаралар өткізіледі. 

          Студенттер сынып сағаттарда, пікірталастарда белсенділік танытып, бейнероликтер түсіріп, сауалнамаларға қатысады.   Барлық іс-шаралар  ” Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы! Болашақ жас ұрпақтың қолында!» атты ұранда өткізіледі.