Жас іздеуші мектебіні

27 қазанда Инновациялық Еуразия Университетінің Жоғары колледжінде Жас іздеуші мектебінің есеп беру жиналысы өтті. 1 және 2 курс студенттері (жас іздеушілер) “Павлодар облысынан неміс концлагерьлерінің тұтқындары” тақырыбы бойынша жинаған материалдарын презентация түрінде көрсетіп, айтып берді.

Жас іздеуші мектебі “Asyl мurа” бағыты бойынша әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру аясында павлодарлық “Майдан жолы” іздестіру – зерттеу жасағымен бірлесіп құрылды.

Бұл бағыт мәдени-тарихи мұраны сақтау және дамыту, тарих, мәдениет ескерткіштері мен мемориалдық кешендерді қалпына келтіру және сақтау жөніндегі жобаларға еріктілерді тартуға бағытталған. Курстардан өткеннен кейін жас ерікті іздеушілер тобы Қазақстан Республикасының азаматтарына Ұлы Отан соғысы жылдарында ұрыс даласында хабар-ошарсыз жоғалып кеткен концлагерь тұтқындары мен әскери қызметшілердің жерленген орындарын іздестіруге көмек көрсететін болады.

Іс-шараға ИнЕУ жоғары колледжінің директоры Ш.А. Таженов, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, бөлім меңгерушілері, АӘД және тарих оқытушыларының ішінен іздеу топтарының жетекшілері, сондай-ақ жас іздеушілер мен еріктілер қатысты.

Кездесуді ИнЕУ жоғары колледжінің директоры Ш.А. Тәженов ашты, ол өз сөзінде студенттерге неміс концлагерьлерінің тұтқындар тізімімен жұмыс істеп, тұтқындардың карталарын өңдеумен айналысатын қажырлы еңбектері үшін алғыс айтты.

Жыл бойы колледждің іздестіру қызметінің ғылыми жетекшісі- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, тарих ғылымдарының докторы Лайла Сейсембековна Ахметова, ол биыл “Панфиловшылар: біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз”атты кітабын шығарды. Кітап үшін 316 атқыштар дивизиясы туралы материалдар жинаумен біздің балалар-іздеушілер де айналысты.

Колледж директоры Шалқар Әміржанұлына автордан арнайы кітапты табыстау ерекше міндеті жүктелді. Кітаптар облыстық іздеу қозғалысының жетекшісі А.В. Шитовқа, облыстық мұрағат басшысы М. З. Байзелдиноваға, іздеу жасақтарын басқаратын колледж оқытушыларына сыйға тартылды; колледж еріктілері арқылы кітаптар Г.Н. Потанин атындағы облыстық мұражайға С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханаға, “Ертіс” облыстық мұражайына берілді.

“Жас іздеуші мектебі” жұмысының бірінші кезеңінің қорытындысы қараша айында шығарылады. Павлодарлық “Майдан жолы” іздестіру-зерттеу жасағы жас іздеуші мектебінің студенттерімен бірлесіп, туыстарын шақырып, мұрағаттық құжаттарды тапсырумен салтанатты іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.