Тіл – адамның бүкіл саналы өмірінің басты құралы. Адам ғылым, өнер және мәдениетті тіл арқылы түсінеді.
Қазақ тілі өте бай және әуезді. Бұл тілдің өзіне ғана тән қанатты сөздер мен мақал-мәтелдер қаншалықты десеңізші!
Қазақ халқының қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы бір кездері: «Тіл – елдің, қоғамның, ғылыми әдебиеттің, өнеркәсіптің, мәдениеттің, қоғамдық құрылымның, әдет-ғұрыптардың, әскери дәстүрлер мен мұралардың бұлтартпас дәлелі», – деп айтып кеткен.
Тілдер күні қарсаңында 23 қыркүйекте ИнЕУ Жоғары колледжінің 1 және 2 курс студенттері арасында «Тіл тағдыры – ел тағдыры» атты байқау өтті.
Бұл байқаудың мақсаты – тәуелсіз елімізде тұратын түрлі ұлттардың арасындағы достық пен бірлікті нығайту, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін қалыптастыру, адамдардың бойында басқа ұлттардың тіліне, әдебиеті мен мәдениетіне деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Ережеге сай студенттер қазақ халқының мақал-мәтелдерін білуде сайысқа түсті. Жауаптар қазақ, орыс ағылшын тілдерінде қабылданды.
Қатысушылар белсенділік танытып, лингвистикалық білімдерін жоғары дәрежеде көрсете білді.
Ұпайларды есептеу барысында жеңімпаздар анықталды. «Жарық» тобы жеңіске жетті. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!