Павлодар облыстық “Қазақстан Коммунистік Халық партиясы” ұйымы 9 мамыр мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған естелік медальді табыс етті.Марапаттарды тапсыру әскери даңқ мұражайы аумағында өтті. Павлодар облыстық “Қазақстан Коммунистік Халық партиясы” ұйымы бірінші хатшысының орынбасары Темен Тлеукенович Жайлин марапаттауды табыстады.”Майдан жолы” жасағының 20 павлодарлық іздеушілері және Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан және хабарсыз кеткен Қазақстан әскери қызметшілерінің есімдерін іздестіріп белгілейтін 12 шетелдік азамат, ресейлік іздеушілер де марапатталды.
Марапатталғандардың арасында ИнЕУ жоғары колледжінің АӘД оқытушысы, отрядтың іздеу экспедицияларының белсенді қатысушысы Магзумов Н. Т. болды. Нұркеш Тельманұлы біздің колледждің базасында жұмыс істейтін “Жас ізденуші мектебі” әлеуметтік жобасының кураторы болып табылады.
Н.Т.Мағзұмовты шын жүректен құттықтай отырып, республиканың іздеу қозғалысын дамытуда зор табыс тілейміз!