2025 жылғы 20-24 қазан аралығында Инновациялық Еуразия университетінің Жоғары колледжінде «Қазақстан Республикасы күніне» арналған тарих және география апталығы өтті.
Апта бойы түрлі шаралар – ашық сабақтар, викториналар, сынып сағаттары мен дөңгелек үстелдер өткізілді. Олардың барлығы студенттердің білімін кеңейтуге, отансүйгіштік сезімін нығайтуға және еліміздің өткені мен бүгініне деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Топтарда «Қыран елім – Қазақстаным», «25 қазан – Республика күні», «Қазақстан – Родина моя!» атты тақырыптық сабақтар, әңгімелер өтті. Студенттер Қазақстанның тәуелсіздігі, еліміздің болашағындағы жастардың рөлі және Отанымыз үшін мақтаныш сезімдері туралы айтты.
Сонымен қатар циклдік комиссия оқытушылары бірқатар танымдық ашық сабақтар өткізді:
* БСД-125 тобындағы “Жаһандық құзыреттер ” пәні бойынша (Ашикбаев Н.М.);
* География пәні бойынша-КИЛ-224 тобында (Малгаждаров К.А.);
* Қазақстан тарихы пәні бойынша-М-135 және П-214 топтарында (Смагулова Ж.Б. және Каримова М.К.);
* Дүниежүзі тарихы пәні бойынша-КИЛ-224 және СЭ3-135 топтарында (Айтпаева А.Ж. және Ефименко А. Е.).
Бұл сабақтарда студенттер пікірталастарға белсенді қатысып, шығармашылық тапсырмаларды орындады. Тапсырманы орындау кезінде балалар сабақта алған білімдерін ғана емес, сондай-ақ тапқырлығын да көрсете білді.
Ertis мұражайында өткен «Тарихи маңыздылық және қазіргі заманғы сын-қатерлер» атты дөңгелек үстелі ерекше назар аударды. Қатысушылар Республика күнінің маңыздылығын және Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуының тарихи жолын талқылады.
Сонымен қатар, “Менің елімнің тарихы” және “Елдер мен континенттер бойынша” сияқты викториналар мен интеллектуалды ойындар өтті, онда студенттер тапқырлық, білім және командалық рухты көрсетті.
Тарих және география апталығы жарқын, қызықты және пайдалы өтті. Бұл іс-шаралар студенттерге өз елінің тарихын тереңірек түсінуге және олардың ұлттық мұраларын сақтау мен құрметтеудің маңыздылығын тағы бір рет түсінуге көмектесті.
