Психолог өткізген тренинг студенттерді бір командаға айналдырды

Бүгін колледж психологы Жусупова А.А. РПО-135, БСД-115 топтарында “танысу және топты біріктіру” тақырыбында тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты: танысу, топты біріктіру, топ ішіндегі ұзақ мерзімді өзара әрекеттестікке жағымды көңіл-күй қалыптастыру. Тренинг жоғары деңгейде өтті, бүкіл топ белсенді қатысты, тапсырмаларды орындап, бір-бірі туралы көп жаңа мәлімет білді.