8 қазан күні колледжде Жас Мұғалімдер Мектебінің (ЖММ) кезекті сабағы өтті. Жетекшісі —тәжірибелі ұстаз Смагулова Б.Т. Бұл жолғы сабақ ерекше форматта — КиЛ тобының 4-курс студенттерімен бірлесіп ұйымдастырылды.
Сабақта заманауи оқыту технологиялары мен тиімді әдістер таныстырылып, теория мен тәжірибе үйлесімді түрде ұсынылды. Белсенділік тек студенттерден ғана емес, жас мұғалімдер тарапынан да байқалды — олар тапсырмаларды орындап, пікір алмасуға белсене қатысты.
Техникалық мамандықтар бойынша жұмыс істейтін жас педагогтар үшін мұндай тәжірибеге бағытталған сабақтар кәсіби шеберлікті шыңдауға мүмкіндік береді.
Іс-шара жас мұғалімдер үшін — тәжірибе алмасу, ал студенттер үшін — білімнің нақты қолданылуын көру алаңына айналды.
