ИнЕУ колледжінің студенті Айдана Байжанова «Ертіс» командасымен бірге Freedom QJ League Women турнирінің қола жүлдегері атанды!

Ертіс Freedom QJ League Women турнирінің қола жүлдегері атанды! 🎉Павлодарлық арулар маусым бойы жанкештілікпен ойнап, соңына дейін күресіп, жүлделі үштіктен орын алды. 👏💪
Осы тарихи жеңісте біздің колледждің мақтанышы – ТИС-313 тобының студенті Байжанова Айдана өз үлесін қосты! Ертіс командасын шын жүректен құттықтаймыз! 🏆💙