Техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлері күнімен!

Құрметті әріптестер!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінде ТжКБ жүйесі – бұл жай ғана білім беру сатысы емес, бұл – педагогтерді, студенттер мен жұмыс берушілерді біріктіретін біртұтас стратегиялық платформа. Ол еліміздің кадрлық әлеуетін қалыптастырып, инновацияларды ендіруге және экономикалық өсімге серпін беретін маңызды құрылым.

Осы айтулы күні әрқайсыңызға кәсібилігіңіз, өз ісіңізге деген жауапкершілігіңіз бен адалдығыңыз, сондай-ақ корпоративтік мәдениетті дамытуға және серіктестік байланыстарды нығайтуға қосқан үлестеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздердің еңбектеріңіздің нәтижесінде жұмысшы мамандықтарының мәртебесі артып, жастардың техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне деген қызығушылығы мен сенімі артып келеді.

Сіздерге зор денсаулық, кәсіби табыс, жаңа идеялар мен шабыт, сондай-ақ ел болашағына сіңіріп жатқан өлшеусіз еңбектеріңіз үшін лайықты құрмет тілеймін!
Мерекелеріңізбен!
Құрметпен,
ИнЕУ Жоғары колледжінің директоры
Ташекенова Армангуль Умаровна.