Павлодарда «Келешек мектеп» бой көтерді: қыркүйекте ашылуы жоспарлануда

«Келешек мектеп» жобасы аясында Павлодар қаласының Достық шағынауданында 1200 орынға арналған заманауи білім ордасының құрылысы аяқталды. Қыркүйек айында бұл жаңа мектеп алғаш рет оқушыларын қарсы алмақ.

Қаланың қарқынды дамып келе жатқан аумақтарының бірі — Достық шағынауданы соңғы жылдары оқушы орындарының тапшылығын өткір сезілуде. Осы мәселені шешу мақсатында қолға алынған бұл жоба — облыстағы «Келешек мектеп» бағдарламасы аясында іске асқан алғашқы ірі құрылыс нысаны.

Жаңа мектеп 70 сыныпты қамтиды және жалпы орта білім берудің барлық сатыларына бейімделіп жобаланған:
🔹 0–4 сыныптар — 5 параллельмен,
🔹 5–9 және 10–11 сыныптар — 4 параллельмен оқытылады.

Білім ордасы қазіргі заман талаптарына толық сай келетін заманауи оқу жабдықтары мен жиһаздармен қамтамасыз етілді.

Бұл – «Келешек мектеп» стандарттарына сәйкес жасалған тиімді әрі сапалы білім беру кеңістігі.

Жаңа мектеп тек әлеуметтік мәселені шешіп қана қоймай, оқушылар үшін қауіпсіз, жайлы әрі технологиялық жағынан толық жабдықталған ортаны ұсынбақ.

Бұл — болашақ ұрпақтың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына жол ашатын маңызды әрі перспективалық бастама.