Мемлекеттік рәміздерге құрмет – патриоттық тәрбиенің негізі

Колледжімізде тәрбие жұмыстары «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл бағдарлама жастардың рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруге бағытталған.
Аталған бағдарлама аясында күн сайын оқу күні CЭЗ-124 мен СМС-124 Әнұран орындалып, студенттер мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға тәрбиеленуде. Әнұранды орындау барысында барлық студенттер тік тұрып, шынайы патриоттық сезіммен қатысады. Бұл дәстүр олардың елге, жерге деген сүйіспеншілігін, азаматтық жауапкершілігін арттыруда маңызды рөл атқарады