Ұстаз бен студент: білім мен шығармашылықтың ұштасқан сәті

«Ең үздік сынып жетекші»байқауы ұстаздар арасында өткізілді. Бұл байқауға экономикалық бөлімнен Тулеубекова Мадина Ерболатовна қатысып, өзінің ұстаз ретіндегі тәжірибесі мен шеберлігін көрсете білді.
Студенттер арасында «Ғарыш әлеміне саяхат» тақырыбында танымдық викторина ұйымдастырылды. Викторина барысында қатысушылар ұяшықтарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін ортаға салды. Студенттер ғарыш әлеміне қатысты бұрын білетін ақпараттарын еске түсіріп қана қоймай, жаңа мағлұматтармен де танысты.
Шара барысында 5 бөлімнің студенттері өзара жарысып,ұйымшылдық пен белсенділіктің үлгісін көрсетті. Әр бөлім өздерінің тапқырлығын, ой ұшқырлығын және логикалық ойлау қабілеттерін таныта білді.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің ғылымға деген қызығушылығын арттырып, ғарыш кеңістігі туралы білімдерін тереңдету, топпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту болды.