Ғасыр бойындағы махаббат: колледж қабырғасындағы” Қозы Көрпеш-Баян Сұлу”

16 сәуір күні колледж ішілік “Ең үздік сынып жетекшісі” байқауы аясында Қорабай Ж.Қ. ғашықтар күніне орай “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” атты тәрбиелік іс-шара өткізді.

ПД-134, ФС-124 және КиЛ-124 топтарының студенттері қазақ халқының ең әсерлі махаббат туралы аңыздарының бірімен танысып, түрлі байқаулар мен шығармашылық тапсырмаларға белсене қатысты.

Шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, студенттер өз таланттарын көрсетіп, жағымды көңіл-күйге бөленді.

Бұл іс-шара тек жақсы әсер қалдырып қана қоймай, мәдени құндылықтарды дәріптеу мен студенттердің рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға бағытталған тәрбие жұмысының маңызды бөлігі болды.