Спорт саласындағы ынтымақтастық: ИНЕУ және спорт басқармасы меморандумға қол қойды

Бүгін Облыс дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Инновациялық Еуразия университетінің Жоғары колледжі арасында меморандумға қол қойылды.

Меморандумға ауылдық жерлерде дене шынықтыру және спорт саласында білікті жұмысшы кадрларды даярлау және Қазақстанда мамандықтың тиімділігін арттыру мақсатында қол қойылды.

Бұл бағдарлама ауылдық жерлерде спорт саласында бұдан әрі жұмыс істегісі келетін азаматтар санаты үшін арнайы орта білім алу түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсынуға бағытталған.

Осы жобаға қатысатын болашақ студенттер үшін дуальды оқыту түрі бойынша өндірістен қол үзбей білім алу және осы мамандарды жұмыс орнымен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалатын болады.