“Білім беру” саласындағы кәсіптік конкурстың облыстық кезеңі шеңберінде ИнЕУ ЖК оқытушылары А. Ш. Досанова мен Н.Т. Магзумов ашық сабақ өткізді. Олар оқытудың инновациялық әдістемелерін қолдану мен кәсібиліктің жоғары деңгейін көрсетті. А. Ш. Досанова Педагогика және психология сабағында интерактивті әдістерді қолданды, ал Н. Т. Магзумов “Геотактика”арнайы тренажерінде практикалық сабақ өткізді. Мұндай іс-шараларға қатысу мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттыруға және білім беру саласындағы үздік тәжірибелермен алмасуға ықпал етеді.
Қатысушыларға сәттілік тілеп, келесі кезеңге сүрінбей өтуіне тілектеспіз!