“Жастар есірткіге қарсы” форумы: есірткі қылмысына қарсы күрестің алдын алу және құқықтық аспектілері

Мемлекет Басшысының жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселесіндегі Жолдауын іске асыру мақсатында ІІМ Оқу орталығы Инновациялық Еуразиялық университетінің Жоғары колледж базасында «Жастар есірткіге қарсы: тиімді алдын алу жолдары мен оған қарсы шаралар» форумын ұйымдастырды.
Іс-шара спикерлері Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы К.Т. Сұлтанов, ИнЕУ жоғары колледжінің директоры А.У. Ташекенова, Павлодар қаласы прокуратурасының прокуроры А.М-А. Әжібаев, Психикалық денсаулық орталығының дәрігер-наркологы Ж.К. Бектемиров, емхананың әлеуметтік-психологиялық қызметінің басшысы М.Б. Исаева, Павлодар қ. Полиция басқармасының есірткі қылмыстылығына қарсы іс қимыл бөлімінің аға жедел уәкілі Э.К. Сейтахметова, Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының