«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 2024 жылғы 23 қазанда ИнЕУ жоғары колледжінде «Діни экстремизмнің алдын-алу шаралары»

тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: экстремизм, терроризм, радикализм терминдері туралы түсінік беру, экстремизм мен терроризмнің таралу себептерін, оған қарсы іс-қимыл түрлерін түсіндіре отырып, бүгінгі өмірге байланысты алдын алу іс-шараларын жүргізу.

Дөңгелек үстелге арнайы қонақтарымыз

▪️ Бижан мешітінің ұстазы Нурислам Юсуфұлы

▪️Павлодар епархиясының жастар бөлімінің басшысы Владимир Брюханов шақырылды.

Өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесі қазіргі әлемде ерекше маңызға ие. Қазақстандағы діни экстремизм мен терроризмнің жалпы жағдайы, экстремизм мен терроризмнің айырмашылығы туралы бейнематериал көрсетіп, жаңадан ойлап тапқан әдіс тәсілдерінен біршама мысалдар келтіріліп, осы топ өкілдерінің құрығының құрбаны болмау үшін қауіпсіздік шараларын атап өтті.

Дөңгелек үстел қызықты әрі мазмұнды болды. Біздің елімізде діни білім беруді жаңғырту, адамның дұрыс рухани-адамгершілік тәрбиесінің негіздерінің бірі ретінде, уақтылы және кездесу көрсеткендей, қажет. Студенттерге бір нәрсе айқын болды: адам қандай дінді ұстанбаса да, ең бастысы-өзімен, көршілерімен тату өмір сүру, басқа адамдармен қарым – қатынасты негізге алу, төзімділік пен құрмет таныту!