Ұлт денсаулығы – ел денсаулығы

Қазақстанда ұлт денсаулығын сақтауға көп көңіл бөлінеді. Салауатты адам ел экономикасына елеулі үлес қосып, оның экономикалық және мәдени әлеуетін дамытады. ИнЕУ колледжінде салауатты өмір салтын насихаттау және дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін көп жұмыстар атқарылуда. Осы мақсатта 2015 жылдың 14 ақпанында колледжде оқытушыларға арналған жарыстар өтті.

Оларға экономикалық бөлімнің ұстаздары белсене қатысып, барлық дерлік құрметке ие болды. Шахмат турнирінде бас жүлдені М.Т.Ахметова, үстел теннисінен А.М. Бексұлтанова, құрамында К.А. Әбдірашова, А.Р. Ром, Ж.И. Әбілқасымова, Г.К.Зайровадан, А.Бексұлтановадан тұратын құрама команда алды М.Ахметова волейболдан жарыста І орын алды. Жарайсыңдар! Осылай ұстау керек!