Әлеуметтік серіктестік – түлектерді жұмысқа орналастыру кепілі.

Инновациялық Еуразия университетінің колледжінде 2015 жылғы 31 қаңтарда үш тараптың ынтымақтастығын нығайту мақсатында «Колледждің түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша әлеуметтік серіктестермен өзара іс-қимылы» атты дөңгелек үстел өтті: жұмыс беруші – студент – оқу орны.

Дөңгелек үстел отырысын ИнЕУ колледжінің директоры Тәженов Шалқарбай Әміржанұлы ашты. Түлектердің сұрақтарына дөңгелек үстел қонақтары: Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығы бөлімі бастығының орынбасары Кузьминкова Лариса Ивановна, Кәсіпкерлер палатасының өкілі, адами капиталды дамыту және әлеуметтік әріптестікті дамыту бөлімінің бастығы Беспаева Ләззат Серікқызы, ИнЕУ биохимия, агробизнес және экология департаменті кафедрасының оқытушысы Проскурина-Ткскурина ачева Анастасия Сергеевна, «Құрылыс GSU» ЖШС директоры Нұрлан Қабыкенұлы, «Керекустрой» ЖШС директоры Алдынғаров Есенғали Қабылқашұлы

Дөңгелек үстел отырысында ТжКБ мекемелерінің әлеуметтік серіктестермен қарым-қатынасының шындығына, сондай-ақ жұмысқа орналасу процесінде жас мамандардың кездесетін проблемаларына қатысты мәселелер қозғалды. Шақырылған жұмыс берушілер жас мамандарға қойылатын талаптармен таныстырып, бәсекеге қабілетті түлектің үлгісін сипаттады.

Кездесу барысында колледждің әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастығының негізгі бағыттары айқындалды. Осылайша, кәсіпорындардың білікті мамандарға деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында мамандарды даярлауға кәсіпорындармен шарттар жасасу, практика бағдарламаларын және пәндердің арнайы блогын келісу үшін жұмыс берушілердің жұмыс тобын құру, әріптес кәсіпорындардың өкілдерін кәсіби білімдері мен дағдыларының сапасын бағалауға тарту, сондай-ақ әлеуетті жұмыс берушілердің дерекқорын қалыптастыру туралы шешім қабылданды.

Директордың орынбасары

оқу-өндірістік жұмыс бойынша

Т.Т. Исабеков