2023 жылғы 2 мамырда “Ақпараттық технологиялар студиясы” шығармашылық тобы ” Plickers бағдарламасының көмегімен студенттердің білімін бағалау және сабақта сауалнамалар жүргізу” тақырыбында семинар өткізді. Іс – шараның модераторы-ақпараттық технологиялар бөлімінің оқытушысы К.А. Қожагельдинова. Іс-шара колледж оқытушылары үшін ұйымдастырылды. Сабақта оқытушылар тест тапсырмаларын, сауалнамаларды құруды, QR кодтарын жасауды, оларды қосымшаның көмегімен сканерлеуді, нақты уақыт режимінде қорытындылауды, нәтижелер бойынша есептер шығаруды үйренді.





Рефлексия барысында оқытушылар алған дағдыларының өзектілігін растады.
