4 мамыр ИнЕУ жоғары колледжінде Отан Қорғаушылар Күні қарсаңында және Жеңіс күніне орай әскери-спорттық мереке өтті. Аталған іс – шараға қонақтар шақырылды: Ауған жауынгерлері- Нұрташов Жасқайрат және Булатов Дулат шақырылды. Іс-шара қонақтары мен қатысушыларының алдында ИнЕУ жоғары колледжінің директоры Ташекенова Армангуль Умаровна құттықтау сөз сөйледі. Бұл іс-шараға гуманитарлық бөлімнің, ақпараттық технологиялар бөлімінің, политехникалық, экономикалық және энергетикалық бөлімдердің 1 курс студенттері қатысты. Әр бөлімнің студенттері бірыңғай әскери форма мен саптық ән дайындады. Мереке екі кезеңде өтті:
1 кезең: Сап пен ән байқауы;
2 кезең: әскери-спорттық эстафета. Осы іс-шараның нәтижелері бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді: 1 орын – Энергетикалық бөлім;
2 орын – Политехникалық бөлім;
3 орын – Гуманитарлық бөлім және ақпараттық технологиялар бөлімі. Жеңімпаздар грамоталармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды. Ұйымдастырушылық жағынан іс-шара жоғары деңгейде өтті.Марапаттаудан кейін қатысушылар мен қонақтар суретке түсті.