Кәмелетке толмағандардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі

2023 жылғы 18 сәуірде ИнЕУ жоғары колледжінде “Кәмелетке толмағандардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі”тақырыбында жыл сайынғы баспасөз конференциясы өтті. Аталған іс-шараға қатысты:
Көшербаев Абылай Төлегенұлы – Павлодар облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының прокуроры, Слямбекова Сәуле Қайратовна – арнайы пәндер циклінің аға оқытушысы ҚР ІІМ ҚАЖК Оқу орталығының әділет подполковнигі, Кузнецова Наталья Викторовна-Павлодар адвокаттар алқасының адвокаты, Қасенов Мұрат Қабдул-Хамитович – Павлодар облысының жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының жеке сот орындаушысы, Темирбекова Венера Муратовна – полиция майоры, Павлодар қаласының УП ЖБО аналитикалық жұмыс тобының аға инспекторы. Арын Арман Жанарбекұлы-Павлодар қаласы ТЖБ азаматтық қорғау аға лейтенанты, Қуандық Ермек Бауыржанұлы-Павлодар қаласы ТЖБ азаматтық қорғау лейтенанты.
Көшербаев Абылай Төлегенұлы Павлодар облысы прокуратурасының “Кәмелетке толмағандар арасындағы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық пен қылмысқа қарсы іс-қимыл”жобасын іске асыру туралы баяндама жасады.
Баспасөз мәслихаты барысында қатысушылар кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық және әкімшілік сот ісін жүргізудің ерекшеліктерін, жасөспірімдер қылмысының алдын алуға байланысты заңнамалық мәселелерді, істерді сотқа жіберу мерзімдерін, қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа тарту мерзімдерін, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау тәртібін және басқа да өзекті мәселелерді талқылады.

Мамандар студенттердің барлық сұрақтарына жауап беруге тырысты. Баспасөз конференциясының негізгі міндеті-студенттердің құқықтық көкжиегін кеңейту, фактілермен қаруландыру, осылайша балалар бұл ақпаратты колледждің барлық студенттерімен бөлісе алады.