Мен құрылысшымын!

2023 жылғы 3 наурызда ИнЕУ жоғары колледжінде техникалық пәндер апталығының жоспарын іске асыру аясында “Мен – құрылысшымын”байқауы өтті. Байқаудың мақсаты-студенттердің практикалық білімін арттыру, шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағдай жасау. Байқауға СЭЗ-212 тобының 2 курс студенттері қатысты.

Жұмыстарды бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін сараптамалық комиссия құрылды: С. А. Божкова-колледж әдіскері; Әблеш Қ.Ж. – политехникалық бөлімінінің меңгерушісі; Катаев К. С. – өндірістік оқыту бойынша аға шебері. Байқау екі құзыреттіліктен тұрды: кірпіш қалау және сылақ жұмыстары. Әрқайсысында екі команда бақ сынады.

Студенттер берілген тапсырманы жақсы орындады. Байқау жеңімпаздарын сараптау комиссиясы анықтады: Кекин Игорь тас қалау бойынша 1 орынды иеленді. Сылақ жұмыстары бойынша “МастерОк” командасы жеңіске жетті (Шпикина Екатерина және Чипенко Анастасия). Жеңімпаздарды құттықтаймыз және қатысушыларға алғыс айтамыз!