Мұрат Әуезовтің 80 жылдығына арналған әдеби бұрыш

Колледж кітапханасында қазақ жазушысы Мұхтар Әуезовтің ұлы Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтің 80 жылдығына арналған әдеби бұрыш ашылды. Мұрат Әуезов – Қазақстанның қоғам қайраткері, мәдениеттанушы, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
«Времен связующая нить» (1972), «Иппокрена. Хождения к колодцам времен» (1997), «Уйти чтобы вернуться» (2002) еңбектері мен көркемдік процестің теориясы және тәжірибесі бойынша 200-ден астам жарияланымның авторы. Ол халқымыздың рухани мәдениетін дамытуға, Орталық Азия халықтарының тарихи-мәдени құндылықтарын зерделеу мен насихаттауға өлшеусіз үлес қосты.