Биатлон чемпионаты

15 қаңтардан бастап Риддер қаласында биатлоннан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды, оған гуманитарлық бөлімнің “Дене шынықтыру және спорт” мамандығы бойынша студенттер: Матыскин Илья және Молчанюк Андрей қатысты. Жарыстың бірінші күнінің қорытындысы бойынша 12,5 км қашықтықтағы жеке жарыста Матыскин Илья абсолютті чемпион атанды. ҚР чемпионаты 23 қаңтарға дейін жалғасады. Ильяны жеңісімен құттықтаймыз. 👏 👏 👏 👍 Спортшыларымызға жеңістер мен табыстар тілейміз.

IMG-20230119-WA0000