«Ertis» музейінде «Киелі жерім-қасиетті елім!» көрме ашылды.

Павлодар облысының 85 жылдығына арналған 2023 жылдың 13 қаңтарында «Ertis» музейінде «Киелі жерім-қасиетті елім!» атты Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі қорының фотосуреттері мен экспонаттарынан негізделген көрме ашылды. Д.П. Багаев, В.Н. Бугаев, В.Н. Бугаев және А.В.Пархоменконың тарихи фотосуреттерінде өңіріміздің шежіресі көрсетілген.
Көрменің салтанатты ашылуында Павлодар облысының Құрметті азаматы, еңбек ардагері Қ.Н. Шәкәрімов, Павлодар география үйінің директоры А.А. Вервекин, сондай-ақ еңбек ардагері С. Маусымбаев сөз сөйледі.

Көрменің ашылуына тарихшылар, өлкетанушылар, «Замандас» ардагерлер клубы, ВкИнЕУ студенттері, мұражай қызметкерлері мен қала тұрғындары, БАҚ қатысты.

Шақырылған қонақтар арасында тарихшылар, өлкетанушылар, ЖОО студенттері, мұражай қызметкерлері және қала тұрғындары, БАҚ болды.
Келушілерге көрме және экспозиция бойынша экскурсия өткізілді.