20.05.2022 жылы колледж психологы В.В. Костюк ИнЕУ жоғары колледжінің студенттерімен «Буллингтің алдын алу» тақырыбында әңгіме өткізді. Іс-шараның мақсаты оқу орнының қабырғасында қудалаудың алдын алу болды. Студенттерге қақтығыстың салдары екі жаққа қалай әсер ететіні ескертілді. Сондай-ақ, қорлау, балағаттау жағдайында не істеу керектігі және әр студент тұлғааралық қатынастардағы жанжал жағдайларының алдын алу жолдары туралы ұсыныстар берілді. Студенттерге колледж психологының байланыс нөмірлері және сонымен қатар жанжал жағдайында кімге жүгіну керектігі айтылып, сенім телефондары ұсынылды.