Колледждегі көптілді олимпиада

1 наурызда колледжде көптілді олимпиаданың екінші практикалық туры өтті. Оған бірінші турдың жүлдегерлері қатысты. Екінші турға қойылған міндеті – студенттердің ағылшын тілінде берілген тақырыпқа эссе жазу дағдыларын,оқу және грамматикалық ережелерді практикада қолдана білуін тексеру. Студенттерге эссе жазу үшін бірнеше өзекті тақырыптар ұсынылды:

  1. Әлем баллық шақтан басталады
  2. Цифрлық Қазақстан: бүгіні мен ертеңі
  3. Аңызға айналған қыз (Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл)
  4. Ғабит Мүсірепов – қазақ әдебиетінің інжу-маржаны (туғанына 120 жыл)
  5. Ту, Елтаңба, Әнұранымызбен биік шыңды бағындырамыз (мемлекеттік рәміздерге 30 жыл)

Екінші турда Д-111 тобының студенті Прудникова Анель үздік нәтиже көрсетті. Енді оған 29 наурызда өтетін VII облыстық көптілді олимпиадада колледж намысын қорғау құқығы берілді. Анельге жақсы дайындалып, зияткерлік жарыста лайықты орын алуды тілейміз!