“Нашақор” шытырман оқиғалы драмасы

Нашақорлық тақырыбы бүгінгі күні өте өзекті. Бұл қазіргі әлемнің қасіреті. Бұл аурудан миллиондаған адамдар зардап шегеді. Әр адам осы аурумен күресуге өз үлесін қосуы керек. Алтыншы желтоқсан күні ИнЕУ ЖК сахнасында қазақ драматургі Рақымжан Отарбаевтың пьесасы бойынша “Нашақор” атты шытырман оқиғалы драма өтті. Көрермен назарына “Актер әлемі” театр студиясы мен студия жетекшісі Руслан Нығманов ( Ж.Аймауытов атындағы қазақ драма театрының әртісі) өз актерлік шеберлігін ұсынды.
Іс – шараның мақсаты-салауатты өмір салтын насихаттау, есірткіні қолданудың салдарымен танысу, есірткі заттарына жоламауына және есірткі заттарын пайдаланатын адамдармен қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
Көрермендер қойылымды зор ықыласпен қабылдады, актерлерге олардың ойыны үшін алғыстарын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.