«Оқытуға арналған Google қызметтері» семинары

25 қарашада ” Ақпараттық технологиялар студиясы “шығармашылық тобы «Оқытуға арналған Google қызметтері “тақырыбында семинар өткізді. Іс – шара модераторы- ақпараттық технологиялар бөлімінің оқытушысы Ахметова А. Ж.

Оқыту семинары Жас оқытушылар мектебінің жоспарына сәйкес колледждің жас педагогтары үшін жоспарланып, өткізілді.

Сабақ барысында жас әріптестер теориялық материал алды, содан кейін оны іс жүзінде қолданды. Рефлексия нәтижелері бойынша оқытушылар алған білімдері мен дағдыларының өзектілігін растады.