Буллинг пен кибербуллингтің алдын алу

4.11.2021 ж. ИнЕУ ЖК  психологы Костюк Валерия Владимировна директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Хамитова Асем Төлегеновнамен бірге студенттер арасында буллинг пен кибербуллингтің алдын алуға бағытталған  әңгіме өткізді. Іс-шараның мақсаты: жасөспірімдер арасында  достық қарым-қатынас дағдыларын дамыту және тәрбиелеу.

Әңгіме барысында келесі міндеттер орындалды:

  1. Әңгімелесуге қатысушыларды қоғамдағы қорлауды жоюдың маңыздылығы туралы ойлауға бағыттау
  2. Сұрақтар мен өмірден мысалдар келтіре отырып, басқалардың мінез-құлқына назар аудару қажеттігін дәлелдеу.
  3. Жасөспірімдерді психологиялық қысымға дұрыс жауап беру әдісімен таныстыру.

Әңгімелесу барысында ауызша және көрнекі оқыту әдістері қолданылды. Сондай-ақ студенттер колледж психологынан осы тақырып бойынша өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.