Көшбасшылық қасиеттерді дамыту

20 қазанда Жас педагог мектебінің кезекті сабағы өтті. ИнЕУ ЖК психологы В.В. Костюк  еңбек жолын енді бастаған жас оқытушылармен “Көшбасшылық қасиеттерді дамыту” тақырыбында тренинг өткізді. Психолог өткізген ойын әсер етудің әртүрлі әдістеріне жүгініп, өз мүдделерін қорғау қабілетін, сондай-ақ топтық өзара әрекеттесу дағдыларын дамытуға бағытталған. Сонымен қатар, ойын қатысушыларды өздерінің құндылық бағдарлары туралы ойлануға итермелейді, мұғалімдердің өздерін және айналасындағы адамдарды түсінуіне ықпал етеді.