Жаңа мамандықтар атласы жобасының тұсаукесері

ИнЕУ жоғары колледжінің басым мақсаттарының бірі-еңбек нарығында сұранысқа ие және серпінді кәсіби әлемде бәсекеге қабілетті маман даярлау. Жаңа технологияларды қолданудың арқасында кәсіпорындарда жұмыстарды орындау процесі өзгеруде. Осы өзгерістерді талдай отырып, салалық сарапшылар қандай жаңа мамандықтар сұранысқа ие болатынын анықтады.

Біздің колледж бірнеше жыл бойы осы бағытта жүріп келеді. Инеу ЖК түлектері дипломымен қатар алынған қосымша мамандықтар бойынша сертификаттар мен куәліктер алды: салық есебі бойынша маман, SRM-менеджмент, Интернет-маркетинг, 1С бағдарламасы: сауда және қойма, жалақы, кадрлар, Hr-менеджер, Гид-аудармашы, мектепке дейінгі мекемелердегі дене шынықтыру нұсқаушысы және басқалар.

ИнЕУ жоғары колледжінің алаңында бизнес өкілдерінің қатысуымен Павлодар облысының еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа кәсіптер мен құзыреттердің атласы жобасының тұсаукесері өтті. Бұл аймақтың пилоттық жобасы. Біздің оқу орнымыз төрт біліктілік бойынша осы жобаға енді: SMM менеджері, Дұрыс тамақтану маманы, Мобильді қосымшаларды әзірлеуші, 3D модельдеу

Іс-шараға өңірдің ірі компаниялары қатысты: Батыр-Павлодар ЖШС, Metro Cesh Cerry ЖШС, Рубиком ЖШС, “Best milk” ЖШС, “Крендель” ЖШС, ИнЕУ ЦИТ ЖШС, GPS-бақылау ЖШС, TKR Holding ЖШС, “Orange Studio” ЖШС, “Каркавина”ЖК.

Іс-шара барысында жұмыс берушілерге осы біліктіліктердің оқу жұмыс жоспарлары, арнайы курстарды жүргізуге арналған жұмыс бағдарламалары және білім беру бағдарламалары ұсынылды. Сындарлы диалог дөңгелек үстелге қатысушыларды жаңа біліктіліктер мен құзыреттерді енгізу қажеттілігін мойындау, сондай-ақ жұмыс берушілердің ұсынымдарын ескере отырып, колледж әзірлеген оқу-жоспарлау құжаттамасын қабылдау деген ортақ пікірге әкелді.