Кәмелетке толмағандардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі

2021 жылдың 18 қазанында ИнЕУ жоғары колледжінде “Кәмелетке толмағандардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі” тақырыбында жыл сайынғы баспасөз конференциясы өтті. Аталған іс-шараға: Мағзұмов Есжан Тоқтарұлы – Павлодар облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы; Жанғазина Ғалия Шаметқызы – Павлодар аудандық соты төрағасының міндетін атқарушы; Марина Анатольевна Иванова-Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары, Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Татуласу орталығының басшысы, кәсіби медиатор, сот жүйесінің ардагері; Данияр Асылбекұлы Байльдинов-Павлодар қаласы Орталық полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінің бастығы; Ботакөз Жұмабайқызы Баймурзина – әділет подполковнигі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Оқу орталығының арнайы пәндер циклінің оқытушысы; Ордабаева Ақмарал Қожабекқызы-әділет майоры, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Оқу орталығының арнайы пәндер циклінің оқытушысы; Калкамбеков Ерлан Дабылбекұлы – полиция капитаны, қаланың ОПБ ювеналды полиция тобының инспекторы.

Баспасөз конференциясы барысында қатысушылар кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық және әкімшілік сот ісін жүргізудің ерекшеліктерін, жасөспірімдер қылмысының алдын алуға байланысты заңнамалық мәселелерді, істерді сотқа жіберу мерзімдерін, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тарту мерзімдерін, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасау тәртібін және басқа да өзекті мәселелерді талқылады.

Мамандар студенттердің барлық сұрақтарына жауап беруге тырысты. Баспасөз конференциясының негізгі міндеті-студенттердің құқықтық ой-өрісін кеңейту,студенттер бұл ақпаратты колледждің барлық студенттерімен бөлісе алатындай фактілермен қаруландыру.