ИнЕУЖК сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Оқу жылы бойы ИнЕУ жоғары колледжінің студенттері “SANALY URPAQ”жобалық кеңсесімен бірлесіп жоспарланған іс-шараларға белсенді қатысты. Колледжде этика, академиялық адалдық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия құрылды, студенттер арасында әлеуметтік сауалнама, сыбайлас жемқорлық көріністерінің болуына және академиялық адалдық қағидаттарын сақтауға сауалнама жүргізілді, колледж студенттері “Таза сессия”, “Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ”, “Адал бол” акцияларына белсенді қатысты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта дебаттар өткізілді, сайтта және әлеуметтік желілерде “Парасаттылық сағаттары” орналастырылды. Аталған іс-шаралардың қорытындысы 13.10.3021ж болған “Саналы ұрпақ” студенттік клубтарының облыстық слеті болды. Оның мақсаты өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтарды сақтау және нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ қазіргі әлемде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелеріне жастардың назарын аудару болып табылады.
Бұл жерде облыс колледждерінің осы бағытқа белсенді қатысқан студенттері атап өтілді. Павлодар білім беру бөлімі басшысының Алғыс хатымен П-329 тобының студенті ЖАЛЕЛОВА АЙДАНА Сейітжанқызы марапатталды.