Түлектердің әлеуетті жұмыс берушілермен кездесуі

9 қыркүйекте ИнЕУ ЖК түлектердің әлеуетті жұмыс берушілермен кездесуі өтті. Кездесуге СЭЗ-418 және СЭЗ-428 тобының “Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану” мамандығының түлектері қатысты. Бірлескен іс – шара өндірістік-технологиялық және дипломалды практикаға шығу, сондай-ақ біздің студенттерді жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша өткізілді .👨🏻‍🎓👩🏼‍🎓
Іс-шарада өздерінің презентациялық стендтерін дайындаған бірқатар ұйымдар да әртүрлілігімен қуантты.
🤝Кездесуге шақырылды :

  • “Азия Строй-ПВ” ЖШС фирмасының директоры-Павел Владимирович Пышков
  • “Құрылыс” МСҮ ЖШС ұйымының прорабы – Исабеков Қуаныш Владимирович

✅Мұндай іс-шаралар бітіруші курс студенттері үшін жұмыс берушілермен кездесуге және сөйлесуге, практика және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша кеңес алуға тамаша мүмкіндік болып табылады.
🤝ИнЕУ ЖК жұмыс берушілерге ынтымақтастығы үшін алғыс білдіреді және болашақ бірлескен жобаларға қатысуға шақырады.