Чернобыль АЭС ядролық апатының 35 жылдығына арналған көрме

Инновациялық Еуразия Университетінің жоғары колледжінде Чернобыль АЭС ядролық апатының 35 жылдығына арналған кітаптар мен журнал мақалаларының көрмесі өтті.

2016 жылдан бастап жыл сайын 26 сәуірде БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен Чернобыль апатын еске алу халықаралық күні атап өтіледі. Чернобыль апаты бүкіл әлемдегі миллиондаған адамдардың үйлеріне ядролық элементтердің өлім қаупі туралы ескерту ретінде кірді.

Көрмеде апаттың түрлі аспектілеріне арналған. Мұнда апаттың себептерін зерттейтін оқиғалар шежіресі, сонымен қатар ғылыми зерттеулер мен ғалымдардың апатқа байланысты тұжырымдары бар.

Апаттың себептерін, оның салдарын және тағы басқаларын ашуға және түсінуге көмектесетін кітаптардың ішінде: Иллеш А.В “Репортаж из Чернобыля”. Записки очивидцев, Возняк В.Я. «Чернобыль: события и уроки: вопросы и ответы». Ионина Н. Сто великих катастроф. Куркина Б.А. Бремя «Мирного» атома. Пивоваров Ю.П. «Радиационная экология»  Матвеев Л.В Почти все о ядерном реакторе.

Жоғары Инновациялық Еуразия университетінің кітапханасында көрмені тамашалауға шақырамыз!