Энергетиктердің X облыстық олимпиадасы

Павлодарлық ИнЕУ жоғары колледжінде 23 сәуірде энергетиктердің X облыстық олимпиадасы өтті. Оған облыс колледждерінің 33 студенті қатысты.

Зияткерлік жарысты өткізудің ашықтығы прокторинг жүйесімен қамтамасыз етілді. Қазылар алқасының құрамына Павлодар қаласының жоғары оқу орындарының және ТжКБ оқытушылары кірді. Қазылар алқасының төрағасы – “Алюминий Қазақстан” АҚ ЖЭО жылу энергетикалық жабдықтарын жөндеу цехының турбиналық жабдықтарын жөндеу учаскесінің бастығы Жамбаев Ерғанат Мақсұтұлы.

Қазылар алқасының мүшелері: философия докторы PhD, “Электр энергетикасы” кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Торайғыров университетінің жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер департаменттерінің директоры А. М. Ақаев; т.ғ.к., Торайғыров университеті “Электротехника және автоматтандыру” кафедрасының профессоры А. В. Дробинский; философия докторы PhD, Торайғыров Университеті “Жылу энергетикасы” кафедрасының қауымдастырылған профессоры А. Е. Карманов; “Энергетика, металлургия және ақпараттық технологиялар” кафедрасының аға оқытушысы, техника ғылымдарының магистрі А. Т. Жұмағажинов.; облыстық циклдік әдістемелік комиссияның төрайымы Халелова Е. В.

Іс-шараны ИнЕУ ЖК директоры Ш.А. Таженов және қазылар алқасының төрағасы  Е. М. Жамбаев ашты. Олар қатысушыларға өздерінің ең жақсы  білімдерін көрсетуге және алдағы  жарыста сәттілік тіледі.

Олимпиада екі бағыт бойынша өткізілді: электротехникалық және жылу техникалық. Олимпиаданың жабылу салтанатында қорытынды жарияланды.

Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің студенті Авдонькин Кирилл “Жылу энергетикасы” бағыты бойынша олимпиада жеңімпазы және 1- дәрежелі диплом иегері атанды.

2 -дәрежелі дипломмен сол колледждің студенті Завалко Михаил марапатталды.

 3-дәрежелі дипломдарға ие болғандар: Бүркітбай Марғұлан – Инновациялық Еуразия Университетінің Жоғары колледжі, Лепихина Ксения – Академик Қ.И. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты және Огай Богдан – Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі.

Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің студенті Харинина Юлия “Электроэнергетика” бағыты бойынша олимпиада жеңімпазы және 1 дәрежелі диплом иегері атанды.

2 дәрежелі дипломмен осы колледждің студенті Кузнецова Екатерина және Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен-техникалық колледжінің студенті Катков Павел марапатталды.

3 дәрежелі дипломдарға ие болғандар: Спиров Зуфар – Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі, Жүзбаева Ләззат – Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі және Моченов Владимир – Инновациялық Еуразия Университетінің Жоғары колледжі.

Олимпиада жеңімпаздарын құттықтап, студенттерге қатысқандары үшін алғыс айтамыз және барлығына сәттілік, шабыт  және шығармашылық табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!