ИнЕУ жоғары колледжі  “Медиация және құқық негіздері” атты облыстық іріктеу турнирін ашты!

         Медиация бойынша «Колледж – жанжалсыз  аумақ»  колледжішілік турнир 2021 жылғы 15 сәуірде университеттің акт залында өтті. Турнирге барлық бөлімдерден 5 команда қатысты.

       Бағдарламаға екі шығармашылық үй тапсырмасы, блицтурнир, капитандар сайысы енгізілді. Студенттер барынша білім мен өнер көрсетті. Біреу гитарамен медиация туралы ән айтса, енді біреуі ағылшын тілі білімін қолданды, тағы біреуі ситауиялық тапсырмаларды тез талдап, теориялық білімде өз командаларына көмек көрсетті.

      Турнирді ИнЕУ директоры Шалқарбай Тәженов ашты. Ол қатысушыларға ежелгі дәуірде қазақ халқы медиация сияқты құбылыспен таныс болғанын айтты. Ежелгі заманнан бері түркі халықтарында билер соты болған және мәселелерді бейбіт жолмен шешуге тырысқан. Бүгінгі жас ұрпаққа  медиация тарихын білу қажеттілігін,  оқу орнында да бұл қызметті дамыту керектігін ерекше атап өтті. Ол барлығына сәттілік тіледі.

        Құзыретті қазылар алқасы командалардың өнерін бағалады:  1 орынды  Гуманитарлық бөлімінің “TRUST” командасы,  2 орынды – Ақпараттық технологиялар бөлімінің командасы ,  3 орынды – Энергетикалық бөлімшесінің командасы жеңіп алды. Қалған қатысушылар номинациялармен марапатталды. Командаларға кубоктар, сыйлықтар, грамоталар табысталды.

      Енді жүлделі орындарға ие болған командалар облыстық турнирге дайындалады. Жеңімпаздарды және олардың тәлімгерлерін құттықтаймыз! Жасай бер, ВКИнЕУ!