Бірыңғай облыстық ата-аналар жиналысын өткізу шеңберінде 2021 жылғы 14 сәуірде ИнЕУ жоғары колледжінде кәмелетке толмағандар арасында суицидтік көріністердің алдын алу және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша 1-2 курстың ата-аналары үшін жиналыстар ұйымдастырылды.
Жиналыста ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынас мәселелері, психикалық денсаулықты сақтау және нығайту әдістері талқыланды. Интернет желісіндегі қауіпсіздік және ата-ана бақылауы тақырыбына ерекше назар аударылды.
Қазіргі психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді қарасақ, балаларды тәрбиелеуде әсіресе, ерте жаста отбасын ешкім алмастыра алмайтыны жайлы жазылады. Балалардың толыққанды дамуы үшін ата-аналармен байланыс қажет.
Өкінішке орай, көптеген жасөспірімдер іс жүзінде қараусыз қалады, түнде оларды көшеде ересектердің сүйемелдеуінсіз қоғамдық орындарда кездестіруге болады, жасөспірімдер жасаған қатыгездік пен вандализм жағдайлары да жиілеп кетті.
Бұндай мәселелер туралы студенттердің ата-аналары мен колледж педагогтары арасында әңгіме болды. Қажетті ұсыныстарды алып, ата-аналар өткен диалогқа қанағаттанатындықтарын білдіріп, оқу-тәрбие процесі мәселелерін бірлесіп шешуге дайын екендіктерін растады.