Жұлдыздар шеруі-2024

Инновациялық Еуразия Университетінің жоғары колледжінде 2024 жылғы 11 маусымда “Жұлдыздар шеруі-2024” атты үлкен іс-шара өтті, онда ең белсенді, өршіл, ақылды және креативті студенттерге құрмет көрсетілді. Олар конференцияларға, семинарларға, конкурстарға, жарыстарға, волонтерлік және іздестіру жұмыстарына қатысқаны үшін алғыс алды. Әрине, бұл біздің студенттеріміз сияқты жарқын әрі шығармашыл тұлғалар үшін лайықты марапат. Осындай тәрбие бергені үшін біздің студенттердің ата-аналары ерекше алғысқа ие. Біз өз студенттерімізді мақтан тұтамыз және оларға осы жетістіктерімен тоқтап қалмай, одан әрі жаңа шыңдарды бағындыруды тілейміз. Бұл сендердің өмірлеріңдегі бастама ғана болсын.
Сендерге күш-қуат, шабыт, сәттілік тілейміз. Аңсаған арман-мақсаттарыңызға жете беріңіздер!