Ең креативті сынып жетекшісі

11 маусымда ИнЕУ жоғары колледжінде топ жетекшілері арасында өткізілген «Ең үздік сынып жетекшісі!» байқауының қорытындысы шығарылды. Байқау қорытындысы бойынша Макимова Аймкуль Кайргельдиновна Гран- при иегері атанды. «Ең креативті сынып жетекшісі» номинациясына Дария Намазбаевна Олжабаева ие болды. «Ең дарынды сынып жетекшісі» номинациясы Игілік Аялаға бұйырды. «Ең перспективалы сынып жетекшісі» деп Айдана Ерлановна Турганбаева танылды. Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаздарды құттықтап, оларға шығармашылық табыс тілейміз!