Мәдениет сарайында MamandyqFest

4 маусымда Естай атындағы мәдениет сарайында алғаш рет “MamandyqFest”іс-шарасы өтті. Бұл іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен тұспа-тұс келді.
Іс-шараға 9-11 сынып түлектері, колледж студенттері және Павлодар қаласының бизнес қоғамдастық өкілдері қатысты.
“MamandyqFest” алаңында ИнЕУ жоғары колледжінің студенттері өңір басшысы Асаин Қуандықұлына “Agrotechnologies” бірегей жобасы топырақтың жай-күйін қадағалаудың агротехнологиялық жүйесімен таныстырды.
Біздің колледж студенттері “Кәсіптер қаласы” көрмесінде: графикалық дизайн, электр жабдықтары, электрмен қамтамасыз ету мамандықтарын көрсетті.