ТжКБ ұйымдарының студенттері арасында IХ облыстық көптілділік олимпиада.

        2024 жылдың 15 мамырында ИнЕУ жоғары колледжінің базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 36 студенті арасында IX облыстық көптілділік олимпиада өтті.

        Биыл көптілділік олимпиада екі бағыт бойынша болды:

        1.Тіл мамандықтарының студенттері үшін.

        2.Тілдік емес мамандықтарының студенттері үшін.

       Олимпиада екі кезеңнен тұрды: 1 тур тілдік құзыреттілік деңгейін анықтауға бағытталған тест тапсырмаларын орындауды, 2 тур – көпшілік алдында сөз сөйлеуді және жағдаяттық  тапсырмаларды шешуді көздеді.

        Құзыретті қазылар алқасының құрамына Павлодар қаласының оқу орындарының оқытушылары енді.

        Екінші турға ең көп ұпай жинаған 14 қатысушы жіберілді.

        Қазылар алқасының шешімі бойынша, «Тіл мамандықтары» бағыты бойынша

        Б. Ахметов атындағы педагогикалық жоғары колледжінің студенті – Шайкенова Майра Ермековна 1 дәрежелі дипломмен, Канапьянов атындағы Жоғары колледжінің студенті Кәріп Мөлдір Саматқызы 2 дәрежелі дипломмен , 3 дәрежелі дипломмен Инновациялық Еуразия Университетінің жоғары колледжінің студенті Дробышева Полина Евгеньевна марапатталды.

        Қазылар алқасының шешімі бойынша «Тілдік емес мамандықтар» бағыты бойынша:

        1 дәрежелі дипломмен Ақпараттық технологиялар колледжінің студенті  

        Шамиева Айгерим Ержановна марапатталды. 2 дәрежелі дипломмен «Жоғары электроника және коммуникациялар колледжі» студенті Қазбек Ділназ Ерғалықызы  марапатталды. 3 дәрежелі дипломды Инновациялық Еуразия Университетінің жоғары колледжінің студенті  Смаилова Айым Мейрамовна иеленді.

        «Мемлекеттік тілдің үздік білгірі» номинациясының иегері Қасымхан Ділнұр (Павлодар сервис және тамақтандыру колледжі). «Ағылшын тілін жоғары деңгейде меңгеру» номинациясының иегері Вениченко Елизавета (Академик Сәтбаев атындағы    Екібастұз инженерлік-техникалық институтының колледжі).  «Суперполиглот» номинациясына Ахметова Дарига Хамитовна (Павлодар жоғары басқару колледжі)  ие болды. «Тіл тазалығы мен сөйлеу мәнерлілігі» номинациясы Қабыкен Даирға  (Павлодар химия-механикалық колледжі) бұйырды.

        Олимпиада жеңімпаздарын құттықтаймыз! Студенттерге олимпиадаға қатысқандары үшін алғыс білдіріп, шығармашылық табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!