Волейболдан Қазақстан Республикасының көктемгі чемпионаты

Өскеменде волейболдан 2007-2008 жылы туған қыздар арасында Қазақстан Республикасының көктемгі чемпионаты аяқталды.
Чемпионатқа 12 команда қатысты. ИнЕУ жоғары колледжінің студенті Магильнова Анна(ФС-143 тобы) Павлодар облысының құрамасында өнер көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша облысымыздың қыздар командасы чемпионаттың қола жүлдегері атанды.
Біз Аннаны құттықтаймыз және оған жаңа жеңістер тілейміз. 👍👏🥳