“Қош келдің, әз Наурыз!” атты қазақ тілі мен әдебиеті пән апталығы

     Қазақ тілі пәндік әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен наурыз айының 14-і мен 20-сы аралығында “Қош келдің, әз Наурыз!” атты қазақ тілі мен әдебиеті пән апталығы өтті. Аталмыш апталық аясында бекітілген жоспар бойынша колледжіміздің тіл мамандары Қазақстан Республикасында тұратын барша халықтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене ат салысты. 11 наурыз күні КиЛ студенттері Ұлыстың ұлы күні «Наурыз» мейрамына арналған қабырға газеттерін ілді.
     14-ші наурыз апталықтың салтанатты ашылуына байланысты дәлізде қазақ халқының ұлттық киімімен көрісу күнін тойлады. КиЛ студенттері мен оқытушылары студенттер мен колледж ұжымын келе жатқан «Наурыз мерекесімен» құттықтап, бауырсақ пен наурыз көжеден дәм таттырып, апталықты ашылуын бастады.
     2024 жылдың 15 наурызында оқытушы Шаяхметқызы С. 1-2 курс студенттері арасында «Жүзден жүйрік» атты викторина өткізді.Викторина мақсаты, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, студенттердің ұйымдастырушылық қабілетін шыңдау, логикалық ойларын жетілдіру. Викторинаға 3 команда «Алаш», «Алғыр», «Жүйрік» қатысты. Сайыс төрт кезеңді қамтыды. Нәтижесінде «Алғыр» командасы 1-ші, «Жүйрік» командасы 2-ші, «Алаш» командасы 3-ші орындарды қанжығаларына байлады.
     14- 19 наурыз аралығында Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Алибаева М.Ш. «Естелікке ұлттық киіммен сурет» атты колледжішілік бөлімдер бойынша сайысын ұйымдастырды.
     18-19 наурыз күндері Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Боранбек Г.М. мен Смагулова Б.Т. қазақ тілі пәнінен ашық сабақ өткізді.
     20.03.2024ж апталықты қорытындылай келе, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының цикл комиссиясы Нуртазина Ф.Ж. және КиЛ студенттері мен оқытушыларының ұйымдастыруымен колледжішілік «Қош келдің, әз- Наурыз» атты бөлімдер арасындағы мерекелік байқау арқылы апталықтың жабылуы өтті.
     Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы барша ұлтқа наурыз мейрамын дәріптеу, салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Әділ-қазылар шешімі бойынша 1 -орынды энергетикалық бөлім қатысушылары Темирбекова            Асемгуль Тауфиковна, Таштаева Каракат Айдынкызы иеленді.Барлық жұптар димломмен марапатталып, сыйлықтар берілді.
     Қорыта келгенде, қазақ тілі мен әдебиеті пән апталығы белгіленген жоспар бойынша жоғары деңгейде өткізілді. Апталық аясында ұйымдастырылған қызықты танымдық іс-шаралар арқылы білім алушыларға ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттай алдық деп ойлаймыз.